Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM —Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды.

а
Фото: ҚР ҰОК

Турнирдің алғашқы күнінде грек-рим күресінен жеті салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы төрт медаль еншіледі. 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қуанышбек Жаңажол алтын медаль жеңіп алды. Ал 110 келіге дейінгі салмақта Арыстан Темірғали күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Әли Алмас (45 келіге дейін) пен Датқа Лесбек (48 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, қазір Мюнхенде (Германия) нысана көздеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр.

Арина Малиновская нысана көздеуден үздік ондыққа енді.