Қазақстан жастары халықаралық Voice Up инклюзивті лагеріне қатысып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Самарқанд қаласында 7-12 маусым аралығында өтіп жатқан Voice Up халықаралық инклюзивті жастар лагеріне қазақстандық делегация қатысып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан делегациясы қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, инклюзивті білім беру саласының мамандары, белсенді жастар және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып жүрген жоба жетекшілері бар.
Лагерь ерекше қажеттілігі бар жастардың әлеуетін ашуға, халықаралық байланысты нығайтуға, волонтерлік мәдениетті дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталады.
Бағдарлама аясында халықаралық форумдар, тақырыптық тренингтер, менторлық кездесулер, әлеуметтік бастамалардың таныстырылымдары, мәдени іс-шаралар және жастар делегацияларының қатысуымен ашық пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Almaty Superski жобасы аясында Көк-Жайлаудағы жаңа курорт инклюзивті орта қалыптастыратын болады.