Қазақстан жастары ел ертеңі, оның келешегі - Еуразия ұлттық университетінің ректоры

  АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Қазақстан жастары  ел ертеңі, оның келешегі. Бүгін елордада өткен Үздіктер слетінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымов осылай атап  өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Бүгінгі әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бізге қазір шығармашылық, бастамашылық, білікті де, білімді жастар керек. Сондықтан, біздің міндетіміз осы талаптарға сай жас мамандарды дайындау. Бәсекеге қабілетті болу - білім, ғылым, тәрбие жағынан жоғары деңгейде болу. Бұл ретте, Елбасымыз, «білім мен ғылым әрқашан даму мен жетілуді талап етеді», деп атап өткен. Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесі ешкімнен де кем емес. Қазақстан жастары - ел ертеңі, оның келешегі»,  деді ол.

 Тәуелсіздік күні қарсаңында «Біз - Тәуелсіздіктің құрдастарымыз! Біздің Отанымыз - Қазақстан» атты жасөспірімдер және жастар форумы аясында өткен Үздіктер слетінің мақсаты - жас қазақстандықтардың отандық білім-ғылым саласындағы қызметін күшейту. Оның барысында жоғары оқу орындарының маман даярлау мәселесі, студенттердің инновациялық жобаларын жүзеге асыру, ортақ ғылыми жұмыстарға қатысу, азаматтардың азаматтық борышы мен  патриоттық ұстанымдарын дамытудағы жастар ұйымдарының ролі және басқа да бүгінгі күннің өзекті жайттары талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар