Қазақстан ЖИ бағытында маңызды тақырыптарға бастамашы болды - Армения вице-премьері

АСТАНА. KAZINFORM – Жасанды интеллект саласындағы жаһандық бәсеке мемлекеттердің экономикалық және технологиялық дербестігінің шешуші факторына айналып жатыр. Бұл туралы елордада V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында Армения вице-премьері Мгер Григорян мәлім етті.

Ресей Президенті келесі жылы ЖИ бойынша жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынды
Фото: Ақорда

- Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы аясында мазмұнды тақырыптар қамтылған, яғни цифрлық трансформацияның практикалық мәселелеріне бағытталған. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті тақырыптардың бірі ретінде жасанды интеллекті таңдалғаны әбден орынды, - деді Мгер Григорян.

Осы орайда ол әлем елдері терең технологиялық трансформация кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Бұл ретте жасанды интеллект саласындағы жаһандық бәсеке тиімділік пен өнімділікті арттыру мәселесі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттердің экономикалық және технологиялық дербестігінің шешуші факторына айналып жатыр.

- Жаһандық экономикалық күн тәртібі қазірдің өзінде жасанды интеллектінің қарқынды дамуы ықпалымен қалыптасып келеді. Елдердің бәсекелестік артықшылықтары олардың ресурстық әлеуетімен ғана емес, ең алдымен, озық технологияларды экономикалары мен мемлекеттік басқару жүйелеріне тиімді интеграциялау қабілетімен айқындалады. Атап айтқанда, жасанды интеллект дәуірінің басты ресурсы - адам, яғни ауқымды деректермен, алгоритмдермен және цифрлық платформалармен жұмыс істеуге қабілетті мамандар жоғары бағаланады. Демек, мемлекеттер тек технология бойынша ғана емес, білім сапасы мен ғылыми ортаның даму деңгейі бойынша да бәсекеге түседі, - деді Армения вице-премьері.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті ЕАЭО-ның әлеуетін нығайтудың стратегиялық маңызды міндетіне қатысты пікір айтты