Қазақстанда 100 мыңнан астам радиоактивті көздер ұзақ уақытқа сақталып тұр

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріккен конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Пайдаланылған отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі Қазақстан үшін аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мәселен, қазіргі таңда Қазақстанның әртүрлі салаларында - өнеркәсіпте, медицинада, ғылым салаларында 10 мыңнан астам радиоактивті көздер пайдаланылып келеді. Сондай-ақ, елімізде 100 мыңнан астам радиоактивті көздер ұзақ уақытқа сақталып тұр. Ал Ақтау қаласындағы «БМ-350» реакторын пайдалануға орай, бүгінгі күні радиоактивті қалдықтардың көп мөлшері жинақталуда. Осыған байланысты аталған реакторды пайдаланудан шығару жұмыстары жүргізілуде», деді Ә. Мағауов.