Қазақстанда 16 оқушыға 1 компьютерден келеді - Білім және ғылым министрі

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Бүгін Қазақстанда 16 оқушыға 1 компьютерден келеді. Бұл туралы бүгін дипломатиялық миссиялар, халықаралық ұйымдар және шетелдік бизнес-құрылым өкілдерімен болған кездесуде Қазақстанның бас ұстазы Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
None
None

«Соңғы бес жылда біз барлық мектепті компьютермен қамтамасыз еттік. Егер 2001 жылы 62 оқушыға бір компьютерден (бұл көрсеткіш ТМД елдері арасында ең үлкен болды) келсе, бүгін 16 оқушыға бір компьютерден тиіп отыр. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарының 50 пайызында интеравтивті кабинеттер мен жабдықтар бар, 98 пайызы интернетке, соның ішінде 37 пайызы кең жолақты интернетке қосылған», - деді Б.Жұмағұлов.

Министр Қазақстандағы шетел өкілдеріне, сондай-ақ елде енгізіліп жатқан E-learning электронды білім беру бағдарламасы туралы айтып берді.

Биыл E-learning жүйесі ілкі жоба ретінде 44 білім мекемесіне енгізілген. Ал 2012 жылы жүйеге 537, 2013 жылы - 926 білім беру ұйымы қосылатын болады. 2015 жылға қарай электронды білім беру жүйесін қолданушылар саны білім беру ұйымдарының 50 пайызын, 2020 жылға қарай 90 пайызын құрауы тиіс», - деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар