20:35, 19 Мамыр 2019 | GMT +5
Қазақстанда 20 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 мамыр күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Халықаралық метрология күніне арналған «Халықаралық бірлік жүйесі» семинар өтеді.
Сағат 11.00-де Министрліктер үйінде «Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түзетулер жобасы шеңберінде реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін талқылау» тақырыбына кезекті қоғамдық талқылау өтеді.
Сағат 18.50-де «Сарыарқа» СОО Kinopark кинотеатрында Италия Елшілігінің мәдениет кеңсесі Қазақстанда итальяндық кино апталығының ашылуын өткізеді.
АЛМАТЫ
Сағат 11.00-де Қазақстан баспасөз клубында Халықаралық биологиялық әртүрлілік күніне орай «Поющий бархан - Каньон 2019» атты баспасөз конференциясы өтеді.