Қазақстанда 2009 жылдың желтоқсанында инфляция 0,6 пайызды құрады

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда 2009 жылдың желтоқсан айында инфляция 0,6 пайызды құрады.

Қазақстанда 2009 жылдың желтоқсанында инфляция 0,6 пайызды құрады

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, 2009 жылдың желтоқсан айында азық-түлік тауарларының бағасы - 0,4 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы - 0,3 пайызға, ақылы қызметтер - 1,1 пайызға ұлғайған. Азық-түлік тауарларының нарығында өткен айда шикі сүттің бағасы - 4,6 пайызға, жұмыртқа, кофе, шәй және какао - 1,8, қышқыл сүт өнімдері - 1,7, май -1,6 , алкогольсіз сусындар - 1,3, алкогольді сусындар - 1,2, балық және теңіз өнімдері -1 , кондитерлік бұйымдар - 0,6, ет өнімдері, көкөністер мен жемістер - 0,2 пайызға өскен. Нан мен макарон бұйымдарының бағасы - 0,3 пайызға, жарма - 1,7 , күріш -2,7, ұн - 5,1 пайызға төмендеген.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында кітаптар мен газеттердің және жуатын және тазалайтын құралдардың бағасы - 0,5 пайызға, ыдыстар мен жеке гигиена тауарлары - 0,7, киімдер мен аяқ-киімдер - 0,9, фармацевтикалық препараттар - 1,1, пайызға ұлғайған. Бензин

3 пайызға, цемент - 2,9 пайызға арзандаса, дизель отыны - 2 пайызға, көмір - 1 пайызға қымбаттады. Медициналық қызметтер бағасының деңгейі 0,5 пайызға, шаштараздар, мейрамханалар және қонақүйлердің бағасы - 0,9 пайызға, жолаушылар көлігінің бағасы - 1,2 пайызға қымбаттаған. Тұрғын-үй коммуналдық қызметтер саласында ыстық судың тарифтері - 4,2 пайызға, кәріз - 3,7 пайызға, орталықтан жылыту - 2,6 пайызға, суық су - 1 пайызға қымбаттады.