Қазақстанда 21 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА.KAZINFORM – Kazinform 21 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалардың аңдатпасын ұсынады.

22 тамыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform

9:00-де – Қазақстан Республикасы Үкімет отырысы өтеді.

09:40-та – Қазақстанға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің мемлекеттік сапары басталады.

11:00-де – ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК-нің 2026–2030 жылдарға арналған магистральдық және таратушы желілер арқылы су беру (ауыз су), сарқынды суларды бұру және тазарту, сондай-ақ техникалық суды магистральдық құбырлармен жеткізу қызметтеріне тариф пен тарифтік сметаны бекіту жөніндегі өтінімдері бойынша ашық тыңдау өткізеді.
Өтетін орны: Тәуелсіздік көшесі, 7-үй.

11:00-де – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы 25 қазан – Республика күніне орай «Қолжазба – елдің рухани қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырады.

14:30-да – «Қазақстан–Әзербайжан: жасанды интеллект пен индустриялық бастамалар дәуіріндегі экономикалық ынтымақтастық» тақырыбында бизнес-форум өтеді.
Өтетін орны: «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Сауда залы.

14:30-да – Астана қаласы коммуникациялар қызметі есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл тақырыбында баспасөз конференциясын өткізеді.

15:00-де – Мәжілістің конференц-залында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулердің таныстырылымы өтеді.

15:00-де – Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем үздік үштігіне енген параволейболдан әлем кубогының қорытындыларына арналған брифинг өтеді.
Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47.

19:00-де – Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Республика күніне арналған Мемлекеттік коллекцияның бірегей ішекті музыкалық аспаптарына арналған алғашқы концерт-көрмесі өтеді.

Осыған дейін Жетісу облысында жерасты есірткі зертханасы жойылғаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар