Қазақстанда 24 қыркүйекте күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында 24 қыркүйекте ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанда 24 қыркүйекте күн ашық болады

Солтүстікте, шығыста және орталықта тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады (көбінесе жаңбыр түрінде),жел күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-22 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с, шаңды дауылмен.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.