Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай сайлауы: елде 25 мыңға жуық қоғамдық байқаушы жұмыс істеп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздегі 9 779 сайлау учаскесінде 25 мыңға жуық қоғамдық байқаушы жұмыс істеп жатыр.

ТМД байқаушылары
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафон аясында «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділов айтты.

Оның сөзінше, олардың барлығы сайлау заңнамасының талаптарын зерделеп, арнайы дайындықтан өткен. 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Осман Местен де сайлау барысын бақылап, Құрылтай сайлауының конституциялық реформаларды одан әрі дамыту тұрғысынан маңызды саяси бастама екенін атап өтті.

Ол сайлау халықаралық және конституциялық нормаларға сәйкес өтіп жатқанын алға тартты.

Бұдан бұрын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы байқаушылар миссиясының басшысы Игорь Петришенко Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар тарапынан жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижелері туралы айтты.