13:34, 10 Қаңтар 2024 | GMT +5
Қазақстанда 32 градусқа дейін аяз болады
Елімізде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Kazinform Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазгидромет баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, 11-13 қаңтарда еліміздің солтүстік аймақтарында жел соғып, қар борайды. Ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашынды ауа райы күтіледі.
Батыс пен солтүстікте түнде 20-32 градусқа дейін аяз болжанып отыр. Ауа температурасының құбылмалы болуына байланысты көктайғақ болады.