Қазақстанда 37 мүгедек жан әкімнің кеңесшісі болып қызмет етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтар қандай қызметтерді атқарып жүргендерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 37 мүгедек жан әкімнің кеңесшісі болып қызмет етеді

«Қазірде 35 мүгедек жан облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттығына сайланған. 37 мүгедек облыс, аудан және қала әкімдерінің кеңесшісі болып қызмет атқарып жүр. Үкімет және облыстық әкімдік жанынан қоғамдық бірлестіктерге мүшелік ететін мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша үйлестіру кеңестері құрылып, жұмыс істеп жатыр», - деді министр Үкімет отырысында.

Қазақстанның статистика комитеті жүргізген зерттеу бойынша, мүгедектігі бар азаматтардың 46,3%-і Қазақстан халқының мүгедектік проблемасына деген көзқарасын оң бағалайды.

«2015 жылы бұл көрсеткіш 5%-тен де аспаған еді», - деп атап өтті министр.

Бұның алдында министр Қазақстандағы мектептер мен ауруханалардың жартысы мүгедектер үшінбейімделмегенін хабарлаған болатын.