Қазақстанда 4 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 4 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар туралы шолуды ұсынады.
None
None

Сағат 10:00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады.

Сағат 10:30-да Сенатта әлеуметтік-мәдени даму мен ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы басталады. Отырыста Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін 2009 жылдың 17 қарашасындағы жалға алу шарты негізінде «Байқоңыр» ғарыш айлағы персоналының, Байқоңыр қаласының, Төретам, Ақай ауылдарының тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланады.

Сағат 11:00-де Астана қаласы әкімдігінің баспасөз-орталығында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемованың, №1 қалалық аурухананың бас дәрігері Марат Әбдуовтің, қалалық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Иван Лидің қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 13:00-де СӨСҚО (Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы), Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Денсаулық фестивалі» кең ауқымды шаралар бойынша баспасөз мәслихаты өткізіледі.

АЛМАТЫ

Сағат 10:30-да «Атакентте» KazBuild және Aquatherm Almaty 2018 халықаралық көрмелерінің ашылуы өтеді.

Соңғы жаңалықтар