Қазақстанда 62 жыл тұратын кәріс орталығының өкілі: Бүгін өте маңызды күн

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің өкілі, Қазақстанда 62 жыл тұрып келе жатқан Раиса Маденова Ақтаудағы №22 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Раиса Маденованың жасы жетпісте. Қазақстанда тұрып жатқанына биыл 62 жыл. 47 жыл ұстаз болып, 17 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының , Қазақстан корейлер қауымдастығының мүшесі және жалпыұлттық медиатор болған. 16 жыл бойы Маңғыстау облысының «Чосон» этномәдени бірлестігін басқарған.

Раиса Ивановна ұлты кәріс болса да, қазақ отбасының түтінін түтетіп, ұрпақ тәрбиелеуде.

«Мен зейнеткермін. Қоғамдық жұмыстарға араласуды жақсы көремін. Бүгін әрбір Қазақстанның азаматы үшін өте маңызды күн. Біз бейбіт, тыныш, көркем әрі мықты елде тұруға лайықпыз. Ақтау қаласындағы №22 сайлау учаскесіне барып, өз дауысымды бердім. Көршілерімді көріп бір қуанып қалдым», - деді Р.Маденова.


Соңғы жаңалықтар
telegram