Қазақстанда 7 ақпанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 7 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
None
None

АСТАНА

Сағат 10.00-де Сенатта «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңды іске асыру және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың Жастар жылы шеңберінде атқарар жұмыстарына қатысты дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде 2018 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында халықаралық ІТ-мектептермен «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» партиялық жобасының қатысушыларымен телекөпір өткізіледі.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылға арналған жұмысының қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» алқа отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты ғимаратында партия төрағасы бірінші орынбасары М.С.Әшімбаевтың қатысуымен «Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің» бірінші отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстандық делегацияны I Қысқы «Азия балалары» халықаралық жарысына шығарып салу рәсімі өтеді. Жарыс 8-17 ақпан аралығында РФ Оңтүстік-Сахалин қаласында өтеді.

Сағат 16.00-де Сенатта конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары бойынша комитеттің отырыс өтеді.

Сағат 19.30-да «Qazaqstan» орталық концерт залында «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің концерті өтеді.

Сағат 19.30-да Kinopark 8 Imax Saryarka кинотеатрында ( «Сарыарқа» СО) «Қыз бен теңіз» атты әлеуметтік көркем фильмнің тұсаукесері өтеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

7 ақпан күні Төле би ауданына пресс-тур ұйымдастырылады. Сапар аясында ауылдық емхана мен жаңа цехтың ашылуы өтеді. Сондай-ақ, аудан басшысы Бауыржан Омарбековтің жылдық есебі тыңдалады. Аталған шараларға облыс әкімі қатысады деп күтілуде.

Cағат 11:00-де «Нұр Отан» партиясының Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс ХХХVII конференциясы өтеді. Конференцияға Түркістан қаласының әкімі, облыстық және қалалық маслихат депутаттары мен бастауыш партия ұйымдары және жастар өкілдері қатысады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 15:00-де Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің орталық алаңында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасы аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай брифинг өтеді. Шараға Ауған соғысы ардагерлерінің Ақмола облыстық одағының төрағасы Ыбырай Дуанбай, Ақмола облысы бойынша Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Ақдәулет Әлиев, Ақмола облысы бойынша Қорғаныс істері департаменті Қарулы Күштері ардагерлерінің төрағасы Ақдәулет Әлиев қатысады.

Соңғы жаңалықтар