Қазақстанда 8,1 млрд. теңгеге 1379 нысан заңдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 8,1 млрд. теңгеге 1379 нысан заңдастырылды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанда 8,1 млрд. теңгеге 1379 нысан заңдастырылды

«Жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияға жалпы сомасы 57,1 млрд. теңге болатын мүлікті заңдастыру туралы 7096 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде заңдастыруға 41,3 млрд. теңгеге 5583 тұрғын үй нысаны, 14,3 млрд. теңгеге 3540 тұрғылықты емес нысан, сонымен бірге 7,2 млрд. теңгеге 595 коммерциялық нысан, 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлға ретінде қатысудың 13 үлесі, 785 млн. теңгеге 1 бағалы құжат заңдастырылды. Қазіргі сәтте 8,1 млрд. теңгеге 1379 нысан заңдастырылды», - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, салық органдарына ҚР аумағынан тыс жерлердегі мүлікті заңдастыруға байланысты өтініштер түспеген. «Мүлікті заңдастыруға байланысты түскен өтініштердің саны бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласы (сәйкесінше 2094 және 1671). алдыңғы орында. Азаматтардың белсенділігі бойынша үшінші орында - Ақтөбе облысы (749 өтініш). Соңғы орында бұрынғыдай Маңғыстау облысы тұр (49 өтініш)», - делінген хабарламада. Сондай-ақ хабарламада ҚР Ұлттық банкінің есебі бойынша, екінші деңгейлі банктермен ақшаны заңдастыруға жалпы сомасы 2 006,1 млн. теңгеге 17 жинақ есебі ашылған, жинақ есептерінен 334,6 млн. теңге шешіліп алынған, соның есебінен бюджетке ақшаны заңдастыру алымынан 37,2 млн. теңге түскен. ҚР экономикасына 1,0 млн. теңге инвестицияланды, делінген.