Қазақстанда алдағы тәулікте күн 20 градусқа дейін жылынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3-5 наурызына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанда алдағы тәулікте күн 20 градусқа дейін жылынады

«Көктем келгенімен, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары оны әлі сезіне алмады – суық антициклон бұл өңірлерде аязды ауа райын негізінен жауын-шашынсыз ұстап тұрды. Алайда, 4 наурызда циклон Жерорта теңізінен еліміздің аумағына ауыса бастайды, онымен бірге ылғал мен жылудың үлкен қорын алып, жауын-шашын әкеледі, негізінен жаңбыр түрінде және ауа температурасының көптен күткен жоғарылауы болжанады. Солтүстік аймақтардағы термометр бағандары күндізгі уақытта 0-5 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақтарда тіпті 15-20 градусқа дейін көтеріледі», - делінген Қазгидромет хабарламасында.