Қазақстанда алғаш рет баламалы энергетика саласында магистранттарды дайындай бастайды

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Қыркүйектен бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Гамбургтік қолданбалы ғылымдар университетімен бірлесе отырып, қазақстандық студенттердің баламалы энергетика саласы мамандығы бойынша магистрант деңгейінде білім алу жобасын іске қосады.
None
None

Бүгін өтіп жатқан «Баламалы энергетика мен қуат үнемдейтін технологиялардың болашақ бағыттары» атты тақырыптағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында бұл туралы меморандумға қол қойылды.

«Мұндай жағдай Қазақстанда бұрын болмаған, бұл сала бойынша ешқандай оқу орны магистранттарды дайындамайды. Онымен қоса, баламалы энергетиканы дамыту - біздің Президентіміздің стратегиялық тапсырмаларының бірі болып табылады», - деді ОҚМУ ректоры Уәлихан Бішімбаев.

Бұл бағдарлама бойынша білім алған студент магистратураның екі, неміс және қазақстандық дипломын алады. У.Бішімбаевтың айтуынша, құжаттың екеуі де халықарылқ мәртебеге ие.

«Біздің еліміз таза экологиялық қуат түрлерін шығару үшін табиғи ресурстарды қолдануда үлкен тәжірибеге ие. Мен біздің бағдарламамыз баламалы энергетиканың барлық түрлерін дамытуға жақсы әсерін тигізеді деп сенемін», - деді Гамбургтік қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Райнер Заватский.

Соңғы жаңалықтар