Қазақстанда алғаш рет таеквондо бойынша үлкен ашық турнир өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы 25-28 қазанда Алматы қаласындағы "Балуан-Шолақ" атындағы спорт сарайында таеквондодан "Kazakhstan Open" халықаралық ашық турнир өтеді.

Қазақстанда алғаш рет таеквондо бойынша үлкен ашық турнир өтеді

Бұл Қазақстан үшін жоғары дәрежедегі алғашқы ашық жарыс. Оған 33 елден 500-ге жуық спортшы қатысады. Олардың барлығы рейтингтегі ұпайлар үшін бақ таластырады, деп хабарлады «Қазақстан таеквондо федерациясы (WTF)» ҚБ баспасөз қызметкері Айдар Өтешев.