Қазақстанда Алтай есімді 5 мыңға жуық адам, Шымкент атты 3, Каспий есімді 14 адам бар
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша елімізде әйгілі жер-су аттарын баласына қоятын жайттар жиі кездеседі. Kazinform солардың ішіндегі ең танымал дегендеріне үңіліп көрді.

Айта кету керек, бұл жерде жер-су атауына қазақ халқының есім қоюдағы ерекше дәстүрі – «бек», «бай», «бол» қосымшалары жалғанған есімдер (Аралбай, Алтайбек деген сияқты) мен жер-су атауының бір бөлшегіне «бек», «бай», «бол» қосымшаларын жалғау арқылы жасалған аттар (Сырбай, Арқабек сияқты), идеология сарынымен кейін жер-суға телінген есімдер (Жамбыл, Абай, сияқты), жер-су атауын ғана білдіріп қоймайтын, басқа да мағынасы бар (Шалқар, Бекет, Торғай деген сияқты) омоним атаулар есепке алынған жоқ. Сондай-ақ жер-су аттарын іріктеген кезде қандай да бір өңірге басымдық бермей, ел арасында ең көп тараған жалқы атауларға көңіл бөлдік.
Сонымен Kazinform нұсқасы бойынша адамға ең көп аты берілген әйгілі топонимикалардың рейтингі мынандай:
Алтай – 4957 адам
Жайық – 645 адам
Есіл – 438 адам
Арал – 275 адам
Талас – 263 адам
Ертіс – 164 адам
Бурабай – 78 адам
Алатау – 39 адам
Маңғыстау – 38 адам
Балқаш – 32 адам
Семей – 27 адам
Астана – 24 адам
Алматы – 20 адам
Атырау – 15 адам
Каспий – 14 адам
Тараз – 14 адам
Зайсан – 13 адам
Ақтау – 11 адам
Түркістан – 10 адам
Сырдария – 4 адам
Қарқаралы – 4 адам
Тянь-Шань – 4 адам
Сарыарқа – 3 адам
Шымкент – 3 адам
Қазығұрт – 3 адам
Ұлытау – 2 адам
Қаратау – 2 адам
Отпан – 2 адам
Ақмешіт – 2 адам
Жетісу – 1 адам
Іле – 1 адам
Қапшағай – 1 адам
Өскемен – 1 адам
Мекке – 58 адам.
Бұған дейін биыл сәбилерге қойылған ең танымал есімдер туралы жазған болатынбыз.