Қазақстанда ана мен бала өлім-жітімінің жағдайы тұрақтандырылды - министр Ж.Досқалиев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ж.Досқалиев 2009 жылы министрліктің жұмысы ана мен баланың өлім-жітімін азайту, туберкулез бен жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларымен науқастанып, қайтыс болу үдерістеріне қарсы бағытталғандығын атап өте келе, олардың нәтижесінде ана мен баланың, оның ішінде шала туылған нәрестелердің арасында өліммен аяқталған оқиғалардың саны азайтылғандығын жеткізді.
Сондай-ақ оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда туберкулезбен науқастану жағдайы да тұрақтандырылған. 2009 жылы туберкулезге қарсы қажетті ем-домдарды қабылдаған 6694 науқастың тек 4500-і ғана 2010 жылы процедураларды қайталауды қажет етеді.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы Қазақстаннның барлық аймақтарында кардиологиялық және кардиохирургиялық бөлімдердің ашылуына байланысты, мұнда да оң көрсеткіштерге қол жеткізілген.
Ж.Досқалиев келер жылғы қаңтардың 1-інен бастап әр науқасқа ем қабылдайтын мекеме мен дәрігерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін - Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің іске қосылатындығын еске салды.