Қазақстанда анатомиялық сый жасау және оны беру қағидалары бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары бекітілді.
None
None

ҚазАқпарат құжат мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы №177

2015 жылғы 30 наурыз, Астана қаласы

Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 142-бабына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік бас­па басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.Имашев

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 наурыз №177 бұйрығымен бекітілген

Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары

1. Осы Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 142-бабына сәйкес әзірленді және анатомиялық сый жасау тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Анатомиялық сый-әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, оны адам тиісінше ресімдеген сыйға беру шарты немесе өсиеті арқылы жүзеге асырады. Өсиет етілген тіндерден және (немесе) ағзалардан (ағзалардың бөліктері­нен) басқа, табылған күнінен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады.

3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан қайтыс болғандардың, зорлықпен өлтіруден, өзін-өзі өлтіруден, жазатайым жағдайдан қайтыс болғандардың тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін), сондай-ақ мәйіттерін биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін анатомиялық сый түрінде беруге болмайды.

4. Биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін анатомиялық сый мынадай денсаулық сақтау ұйымдарына беріледі: 1) патологиялық анатомия қызметін жүзеге асыратын ұйымдар; 2) ғылыми-зерттеу ұйымдары (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық білім беру ұйымдары.

5. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау арнайы жабдықты пайдалана отырып жүзеге асырылады, ал мәйітті тасымалдау оларды сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы көлікпен жүзеге асырылады.

6. Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысы бұйрығының шартымен немесе өсиетпен тиісінше ресімдеу арқылы жүзеге асыратын адам тірі кезінде және қайтыс болғаннан кейін өзінің тіндерін және/немесе ағзаларын ерікті берген адамдардың мәйіттерінің тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) беруді, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына анатомиялық сый ретінде берілген танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттерін беруді Комиссия жүзеге асырады. Денсаулық сақтау ұйымдарына анатомиялық сый беру туралы акті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

7. Комиссияның құрамына анатомиялық сыйды беруші және анатомиялық сыйды алушы денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, сот-медициналық сараптама жүргізген органның өкілдері кіреді.

8. Анатомиялық сыйды беру және алу кезінде анатомиялық сыйды беруші және қабылдап алушы денсаулық сақтау ұйымдары анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін тіркеуді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналында жүргізеді.

9. Мәйітте ерекше белгілері болған кезде бұл факт анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналында жазба түрінде тіркеледі және (немесе) суретке түсіріледі, сурет анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналына қосып салынады.

10. Танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттерін анатомиялық сый ретінде қабылдап алған жағдайда: 1) анатомиялық сыйды беру және келіп түсуін есепке алу журналында мәйіттің табылған күні көрсетіледі; 2) денсаулық сақтау ұйымы туыстары табылған жағдайда «Халық денсау­лы­ғы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодек­сінің 42-бабының 3-тармағында көзделген мерзімнің ішінде оларды сақ­тайды.

11. Денсаулық сақтау ұйымдарында анатомиялық сыйды пайдаланудың міндетті шарты медициналық этиканы және дәрігерлік құпияны сақтау болып табылады. 12. Анатомиялық сый туралы мәліметтер жариялауға жатпайды.

Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидаларына 1-қосымша

Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына беру туралы акт 20____ ж. «__» __________ ___________________________________________________ (анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысы бұйрығының № мен күні) құрамында:____________________________________________________ _______________________________________________________________ (Комиссия мүшелерінің аты, жөні, тегі (болған жағдайда)) _______________________________________________________________ (шарт немесе өсиет жасалған күн және анатомиялық сыйды жасаған адамның аты, жөні, тегі (болған жағдайда) көрсетіледі не мәйіттің табылған күнінен бастап қырық бес күннен ерте болмайтын мерзімде танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді танылмаған және сұрауы болмаған мәйіт тіркелген нөмір мен күн көрсетіледі) _________________________________________________________ негізінде құрылған комиссия_____________________________________ _______________________________________________________________ (анатомиялық сыйды жасаған адамның тіндері және (немесе) ағзалары (ағзаларының бөліктері) және Т.А.Ә. не жынысын, жасын, нәсілін, денесінің көлемін және басқа да жеке ерекшеліктерін көрсетіп, танылмаған және сұрауы болмаған мәйіт көрсетіледі) _______________________________________________________________ (қайтыс болу себебі) анатомиялық сый деп таныды және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 142-бабының негізінде осы актімен тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) не танылмаған және сұрауы болмаған мәйітті (керегінің астын сызу керек) _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауы) ____________________________________________________________-дан _____________________________________________________________-ға (анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауы) биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарына пайдалану үшін береді. Осы акт 2 данада жасалды. Комиссия мүшелерінің аты, жөні, тегі (болған жағдайда), лауазымы, қолы _______________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________________ (күні) Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымдарының М.О.

Анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидаларына 2-қосымша

Анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналы 20___ жылғы «___» ________ басталды

Р/с № Анатомиялық сыйды жасаған адамның не танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттің сипаттамалары* Анатомиялық сыйды жасаған адамның туған күні** Анатомиялық сыйды жасаған адамның қайтыс болған күні немесе мәйіттің табылған күні** Анатомиялық сыйды жасау туралы актінің № мен күні** Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауы Берілген күні (танылмаған және сұрауы болмаған мәйітті берген жағдайда оның табылған күні көрсетіледі) ** Анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауы Анатомияық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысының аты, жөні, тегі (болған жағдайда) және қолы Анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы өкілінің аты, жөні, тегі (болған жағдайда), лауазымы және қолы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Ескертпе: * танылмаған және сұрауы болмаған ерекше белгілері мәйіттің жынысы, аты, жөні, тегі (болған жағдайда), жасы, нәсілі, денесінің көлемі және басқа да жеке ерекшеліктері көрсетіледі. **Датасы күні, айы және жылы белгіленіп көрсетіледі.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11175 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар