Қазақстанда ажырасу үшін төленетін баж қаншалықты өсуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Депутаттар некені бұзу кезіндегі төленетін мемлекеттік бажды 0,5 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін көтеруді ұсынды.

Қазақстанда ажырасу үшін төленетін баж қаншалықты өсуі мүмкін
Фото: freepik.com

- Менің ойымша, кейбір депутаттардың ұсыныстары жақсы бастама. Осы орайда АЕК деңгейін (ажырасуға өтінім бергендерге) тағы да көтеру керек деп айтар едім, - деді депутат Берік Бейсенғалиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ол мұны қазақстандықтардың жеке өміріне араласу деп санамайтынын мәлімдеді.

- Қалай болғанда да, бажды көтеру туралы ұсыныс бюджетті толықтыру мақсатында жасалмады. Осы ұсынысқа бастамашы болған депутаттардың ойынша, бұл шешім ажырасу алдында адамдар бір сәт ойланып, салмақты шешім қабылдауы үшін жасап отыр, яғни ажырасуда эмоцияға салынбауы керек. Бұл тұрғыда «1000 теңге, әлде 20-30 есе артық төлейсің бе?» - айырмашылық бар. Мамандардың пайымынша, жаңа қадам (баж салығының өсуі) асығыс шешім қабылдауға тосқауыл қоюы мүмін, - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Салық кодексінің жаңа редакциясында ҚҚС салынатын айналымның төменгі шегін 40 млн теңге деп белгілеу ұсынылып отыр. 

Соңғы жаңалықтар