08:51, 10 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қазақстанда барлық бағыттар бойынша жолдар ашық - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда сағат 07:00-ден бастап барлық бағыттар бойынша жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 9 желтоқсан күні Қарағанды облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (көктайғақ) байланысты «Екатеринбор-Алматы» тас жолының «Қарағанды-Алматы» учаскесінде және «Қызылорда-Павлодар» тас жолындағы «Қарағанды-Жезқазған» учаскесінде қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс жабылған болатын.