Қазақстанда бір аптада 5,5 мыңнан астам қылмыс жасалды

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен апта ішінде елімізде 5629 қылмыс тіркеліп, оның 2534-і «ізі суымай» ашылды.
None
None

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Ресми өкілдің берген мәліметтері бойынша, бұрын жасалған 674, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 161 қылмыс әшкереленіп отыр. «Іздеу жарияланған 109 қылмыскер қолға түсті. 11 дана қару тәркіленіп, 60 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 38-і сату фактісі. 22 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 1 келіге жуығы героин заты», - деді Н. Ораз.

Соңғы жаңалықтар