Қазақстанда бір күнде 4 мыңдай адам коронавирустан жазылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде өткен тәулікте 3 959 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 261,
Алматы қаласы - 1 039,
Ақмола облысы - 257,
Ақтөбе облысы - 57,
Алматы облысы - 468,
Атырау облысы - 478,
Шығыс Қазақстан облысы - 72,
Жамбыл облысы - 157,
Батыс Қазақстан облысы - 70,
Қарағанды облысы - 301,
Қостанай облысы - 138,
Қызылорда облысы - 152,
Маңғыстау облысы - 240,
Павлодар облысы - 231,
Солтүстік Қазақстан облысы - 18,
Түркістан облысы - 20.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 762 049.