Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 11,7 пайызға кеміді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 7 айында елімізде бөлшек сауда көлемі 11,7 пайызға төмендеп кетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бөлшек сауда көлемі 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 5 608,8 млрд теңгені құрады немесе 2019 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 11,7 пайызға аз. 2020 жылғы қаңтар-шілдеде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (29,3%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,5%), Қарағанды (9,5%) және Шығыс Қазақстан(9,1%) облыстарына келеді», - делінген комитет хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар