Қазақстанда бір апта ішінде бірқатар азық-түлік бағасы төмендеді
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық статистика бюросы елімізде бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендегенін мәлім етті.
8 шілдедегі жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі байқалды. Бағасы ең көп төмендеген өнім – қияр 6,5% арзандады.
Сонымен қатар қызанақ (-4,1%), сәбіз (-2,1%), сүйексіз сиыр еті мен жұмыртқа (әрқайсысы 0,6%), сүйекті сиыр еті (0,3%), балық (-0,1%) бағалары төмендеді. Өңірлер бөлінісінде елдің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды.
Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қызылорда мен Жезқазғанда (-0,4%), Петропавл, Өскемен, Қарағанды және Түркістан қалаларында (әрқайсысында -0,2%), Алматы қаласында (-0,1%) төмендеді.
Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Семей және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілер электр энергиясын жеңілдетілген тарифпен ала алады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі кеңейтілді.