Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда бір күнде 4 орман өрті тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – 10 шілде күні Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 4 орман өрті тіркелді.

Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты
Фото: Kazinform

Экология мамандарының мәліметінше, өрт деректері Павлодар облысында, Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында және «Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорны аумағында анықталған.

– Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеуі барысында және ерте анықтау жүйелері арқылы белгілі болды. Орман күзеті мен әуе өрт сөндіру десанттары қысқа уақыт ішінде оқшаулау жұмыстарына кірісті. Арнайы техника мен тікұшақ жұмылдырылып, нәтижесінде өрт ошақтары аумаққа таралу қаупінсіз жедел сөндірілді, – деп хабарлады ведомстводан.

Мамандар республика бойынша аптап ыстық күтілуіне байланысты өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

– Орман – баршамызға ортақ байлық. Оны сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі, – деп атап өтті мамандар.

Айта кетейік, Астанадағы қоқыс полигонынан өрт шықты.