Қазақстанда бірқатар шай өніміне қойылған шектеу алынып тасталды

АСТАНА. KAZINFORM — Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Orda Trade Astana» ЖШС-нің бірқатар шай өнімін әкелу мен өткізуге қойылған шектеулердің күшін жойды.

 Бауырсақ шай Чай баурсаки
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес аталған шешім өнімнің өндірісі мен сатылымының барлық кезеңі бақылауда болғанын растайтын құжаттар мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері негізінде қабылданды.

— Шектеулер Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес алынып тасталды, — делінген комитет хабарламасында.

Өнімдер тізбесіне мыналар енгізілді:

  • «Апамның шәйі Premium gold»;
  • «Орда Кения»;
  • «Аль-Кайрат шәйі Premium gold».

Осыдан бұрын Қазақстанда ең қымбат және арзан шай қай өңірде екенін саралап көрген едік.