Қазақстанда дәрі-дәрмекке қатысты шағымдар 18%-ға азайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы тоқсанында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты тұрғындар шағымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН САТЫП АЛУ ШЕҢБЕРІНДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫ 50%-ДАН 300%-ҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕДІ
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Оның айтуынша, былтыр осы кезеңде дәрі-дәрмекке қатысты 13 мың шағым тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 11 мыңға дейін төмендеген.

Вице-министр қазіргі уақытта дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар жалғасып жатқанын айтты.

– Биылғы ақпан айынан бастап Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті. Бұл тұрғындардың өтініштері мен сауалдарына жедел жауап беруге мүмкіндік берді, – деді Тимур Мұратов.

Сонымен қатар, азаматтарға дәрі-дәрмектің бар-жоғы туралы жедел ақпарат беру үшін Telegram мессенджерінде чат-бот іске қосылған. Вице-министрдің мәліметінше, сервис жұмыс істей бастағалы бері 200-ге жуық өтініш жедел қаралған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекпен қамтылатындар саны 3,4 млн адамға жеткені хабарланған еді.