Қазақстанда демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ 30 мамыр мен 1 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады — жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, 30-31 мамыр күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел күтіледі.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Ел бойынша желдің күшеюі болжанады, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Айта кетейік, Қазгидромет 30 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жасады.