Қазақстанда Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу жұмысы аяқталуға жақын - С.Қайырбекова

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда елімізде Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу жұмысы аяқталып келеді.

Қазақстанда Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық  жүйесін енгізу жұмысы аяқталуға жақын - С.Қайырбекова

Бұл туралы бүгін Астанада өткен жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, оған сәйкес (автор - Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі), ел азаматтары денсаулық сақтау мекемесін өз еркімен таңдай алады. Бүгінде ондай мүмкіндікті науқастардың 30 пайызы пайдаланып отыр», - деп атап өтті С.Қайырбекова жиынға қатысушыларға қаратып айтқан сөзінде. Министр атап көрсеткендей, 2015 жылға қарай республика бойынша тағы 350 амбулатория, фельдшерлік-акушерлік бекеттер мен емханалар салынады.