Қазақстанда егде тартқан азаматтардың саны 2050 жылға қарай халықтың 25 пайызын құрайды ? А.Самақова

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сарапшылардың пайымдауларынша, Қазақстанда егде тартқан азаматтардың саны 2050 жылға қарай халықтың 25 пайызын құрайтын болады.
None
None
Бүгін «Нұр Отан» партиясының халықтық платформасы және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында Мәжіліс депутаты Айткүл Самақова осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі таңда халқымыздың шын мәнінде қартаю үрдісі байқалады. «Біріккен Ұлттар Ұйымының демография комиссиясының көрсеткіштері бойынша, жасы 65-тен асқан азаматтар саны халықтың 7 пайызына жетсе, ол ел қартайған ел болып есептеледі. Ал еліміздің осы санаттағы азаматтарының саны өткен жылдың өзінде 7 пайызға жуықтады. Ал 2050 жылға қарай олардың саны 25 пайызға жетуі мүмкін», - дейді депутат. Оның сөзіне қарағанда, БҰҰ сарапшыларының деректері шындыққа жанасады. Біздегі бала туу көрсеткіші өсе бастаған. Дегенмен оның қарқыны көңіл толтырарлықтай емес. «Сондықтан мемлекет ел азаматтарының әлеуметтік жағдайларына барынша көңіл бөлгені жөн», - деді А.Самақова.
Соңғы жаңалықтар