Қазақстанда екі күнде сегіз бала суға кетті
Суға кетудің негізгі себептері: рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, мас күйінде суға түсу, жүзе алмау, шамасы жетпеген жерге дейін жүзіп бару, балаларды судың жанында қараусыз қалдыру, балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтанбау, тағы да басқа себептер (адамдарды құтқару кезінде, қайықтармен жүзу барысында т.б.)
Оқушылардың демалыс маусымы басталғалы ата-аналар балаларын су қоймаларының, суарма арықтар мен су арналарының жанында қараусыз қалдырғаны үшін қатаң түрде жауапкершілікке тартылатын болады. ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар комитеті азаматтарды суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Сондай-ақ, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Жаз маусымы кезінде суға түсу тәртібі», «Суға кету кезіндегі алғашқы медициналық көмек» сынды бейне роликтер дайындады.