Қазақстанда электр энергиясын өндіретін құрылғылардың жартысынан астамы әбден ескірген

АСТАНА. KAZINFORM — Олқылықты жою үшін 2035 жылға дейін нақты жоспар дайындалған. Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрлігі ресми сауалымызға жолдаған жауабында мәлімдеді.

Ресейде жаңа электр станциялары салынады
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Елімізде электр энергиясын өндіретін жабдықтардың 53%-ы тозған. Министрлік елдегі аталған тапшылықты жою және экспорттық әлеуетті күшейту үшін 2035 жылға дейін электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жобаға сай, өндірілетін энергия қуаты 26 ГВт-қа арттырылмақ, — делінген ресми жауапта.

Қосымша қуатты алу мақсатында қолданыстағы станциялар жаңғыртылады және жаңа генерация қондырғылары салынады. Атап айтқанда:

— станцияларды жаңғырту, кеңейту және қайта құру арқылы — 5 ГВт;
— жаңа генерациялар салу арқылы — 10,5 ГВт;
— жаңартылатын энергия көздері жобалары арқылы — 8,4 ГВт;
— АЭС арқылы — 2,4 ГВт қосымша қуат көздері іске қосылады.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы елімізде қандай энергия нысандары іске қосылатынын жазғанбыз.