19:34, 02 Мамыр 2017 | GMT +5
Қазақстанда есірткі айналымына қатысы бар 84 интернет-ресурс анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 84 интернет-ресурс анықталды.
Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Фейсбуктегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 94 интернет-ресурсты анықтады. Оның 6-ауы Қазақстан Республикасының домен аумағында, 89-ы өзге елдердің аумағында орналасқан. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде 61 сайт қызметі бұғатталды. Анықталған интернет-ресурстардың 84-інде синтетикалық есірткі заттарын тарату туралы ақпараттардың болғандығы анықталып отыр», - деп жазды Алмас Сәдубаев.