Қазақстанда этносаралық қатынас мемлекет дамуының негізгі күш- қуатына айналды ? ҚР Мемлекеттік хатшысы

АЛМАТЫ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда этносаралық қатынас мемлекет дамуының негізгі күш-қуатына айналды. Оны Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев бүгін Алматыда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР Президенті резиденциясында өткен бұл шараға республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚР Парламентінің депутаттары мен түрлі ғылыми-зерттеу институттарының басшылары қатысқан болатын. Елбасы негізін қалаған этносаралық және конфессияаралық келісім әлемдік тәжірибенің озық үлгісі деп мойындалғанын айтқан Мемлекеттік хатшы әлемнің кейбір елдерінде осы мәселеге қатысты соңғы кезде орын алған түрлі жәйттерді еске салды. Қанат Саудабаевтың айтуынша, Қазақстанда этносаралық қатынас тек қана сындарлы деңгейде қалып қоймай, сонымен қатар, мемлекет дамуының негізгі күш-қуатына айналды. Қазақстанның ажырамас бөлшегі және мақтанышына айналған бейбітшілік пен келісім, саяси және қоғамдық тұрақтылық, толеранттылық ең алдымен Елбасы ? ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана әрі жүйелі саясатының арқасында мүмкін болып отыр.
Соңғы жаңалықтар