Қазақстанда халықтың жартысынан көбі өмір сүру деңгейіне қанағаттанады

АСТАНА. KAZINFORM — Халықтың өмір сүру сапасы туралы зерттеу нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

осень, күз, люди, адамдар, пешеход
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Үй шаруашылықтарына жүргізілген іріктемелі зерттеу көрсеткендей, халықтың 53,2%-ы өз өмір сүру жағдайларына қанағаттанатынын айтқан. Ал 46,3%-ы жартылай қанағаттанатынын білдірген. Ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайына қанағаттанатындар (65,4%) қалалықтарға (51,7%) қарағанда көп. 2024 жылмен салыстырғанда өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейі 52,5%-дан 53,2%-ға өскен, — делінген бюро хабарламасында.

Денсаулыққа қатысты сұрақта респонденттердің 51%-ы өз денсаулығына қанағаттанатынын, 46,4%-ы жартылай қанағаттанатынын айтқан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға артқан (2024 жылы 49,5% болған).

Материалдық тұрғыдан қарағанда, 73,6% адамдар өздерін орташа деңгейде қамтамасыз етілген деп санайды.

Сауалнамаға қатысушылардың 65,8%-ы туыстары мен таныстарынан моральдық қолдау алатынына сенімді.

Сонымен қатар, 73% адам өз болашағына сенімді және жағдайдың жақсаратынына үмітті.

Бұдан бұрын елорда күніне арналған қызықты статистика жариялаған едік.

Соңғы жаңалықтар