Қазақстанда І - ХХ ғасыр аралығын қамтитын нумизматикалық монеталар каталогы шығарылады

АЛМАТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы биыл нумизматикалық топтамалар каталогын шығармақ.
None
None

Бұл туралы Алматыда Халықаралық мұражай күні қарсаңында ұйымдастырылған кездесу барысында Мұражайлық деректану және қолжазба орталығының жетекшісі Базылхан Нәпіл айтты.

«80 баспа табақтық бұл ғылыми каталог ел тарихында тұңғыш рет жарық көрмек. Онда біздің заманымызға дейінгі І ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі аралық қамтылады. Жалпы біздің қорда 27 мыңға жуық нумизматикалық монета бар. Оның 8 мыңға жуығы - монеталық коллекциялар», - дейді Б.Нәпіл.

Ғалымның айтуынша, монеталардың  ежелгі  тарихты зерттеуде маңызы өте зор. Ол тарихты басқаша  зертеуге мүмкіндік береді. Сол кездегі билік иелерінің есімдері мен ақша айналымын анықтауға болады.

Базылхан Нәпіл: «Көптеген тарихшылар Шыңғыс хан Қазақ жерін жаулағанда көптеген қалаларды қиратты дейді. Ал нумизматикалық кешенге қарасақ монеталар шығару көбейген. Алтын орданың монеталары Сарайда, Сарай-Беркеде, Сарайшықта, Түркістанда, Отырарда, Хорезмде, Бұхарада соғылып тұрған. Егер бәрін қиратып тастаған болса онда монета соғу мүмкін емес еді. Мәселен, бізде Қалден Сереннің Жаркентте соққан тиындары бар», - дегенді айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар