Қазақстанда инфляция деңгейі төмендендеп отырғандықтан, шағын және орта бизнесті несиелеу ставкасы 5-7 пайызға дейін төмендеуі тиіс - А. Мешімбаева

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Статистика агентігінің төрайымы Анар Мешімбаева Қазақстанда инфляция деңгейі нөлге төмендеп келе жатқандықтан,
None
None
«Самұрық-Қазына» қорынан екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнеске берілетін несиенің ставкасы 5-7 пайызға дейін азаюы тиіс деп санайды. Ол бұл пікірін бүгін Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қорытынды мәлімет әлі жоқ, дегенмен инфляция нөлге төмендеп бара жатыр. Осыны ескере отырып шағын және орта бизнесті несиелеу ставкасына назар аудару қажет, өйткені ол жоғарылап барады», деді отырыста А. Мешімбаева. Агенттік төрайымы қазіргі таңда Қазақстанда шағын және орта бизнес субьектілерінің саны азайып отырғанын айта келе: «Егер несиенің ставкасы 5-7 пайыз болса, онда банктерге түсетін қаражаттар шағын және орта бизнес үшін жұмыс істеген болар еді», - деді. Оның сөзіне қарағанда, шағын және орта бизнеске берілетін ставкасы жоғары несиелердің қызығын түптеп келгенде ірі және орта кәсіпкерліктер ғана көретін болады, ал шағын бизнес тасада қалып қояды. Өйткені соңғысы банктер ұсынып отырған ставканы көтере алмайды. Айта кетейік, Үкімет отырысына «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Қайрат Келімбетов шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеу бағдарламасы бойынша Қор екінші деңгейлі банктерді ақпанның басында қаржыландыра бастайтынын айтты. Кәсіпкерлерге несиелерді жылдық ставкасы 14 пайыздан аспайтын мөлшермен беру көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар