Қазақстанда инновацияны мемлекеттік қолдаудың тұтастай саясаты қалыптасты

АСТАНА.  9 тамыз . ҚазАқпарат - Қазақстанда инновацияны мемлекеттік қолдаудың  тұтастай саясаты қалыптасты.  

Қазақстанда инновацияны мемлекеттік қолдаудың  тұтастай саясаты қалыптасты

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен жас ғалымдарды, ерекше талант иелерін,  өнертапқыштарды, болашақ бизнесмендерді іздестіру мақсатында жолға шыққан алғашқы инновациялық автобусты сапарға шығарып салу  салтанатты шарасына қатысқан «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары  Расул Оразғұлов осылай мәлім етті.

«Қазақстан Республикасының Президенті, біздің партияның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұдайы инновацияны дамытудың қажеттілігі, жаңа технологиялар енгізу мен ғылыми-инновациялық қызметті танымал ету туралы айтып келеді. Бұл ел дамуындағы ерекше сала. Ал Елбасының осы саладағы тапсырмаларын жүзеге асырудағы инновациялық саясатты ілгері жылжытуда «Нұр Отан» партиясы басты рөл атқарады», - деді Р.Оразғұлов.

Оның айтуныша, инновацияны қалыптастыру құралдары партияның халықтық тұғырнамасында да көрініс тапқан. Ал индустриялық-инновациялық қызметтегі басты басымдықтар - еңбек өнімділігін арттыру, инфрақұрылымдарды дамыту, инновациялық индустрияның басым секторларын дамытуды шапшаңдату болып табылады.