Қазақстанда «Инвестор мен кредиторлар клубы» құрылады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -  Қазақстанда «Инвестор мен кредиторлар клубы» құрылады.

Қазақстанда «Инвестор мен кредиторлар клубы» құрылады

  Бүгін Алматыда Қаржы құралдары мен инвестициялар жөніндегі жұмыс тобының 2-ші отырысы барысында ҚР Сауда және индустрия министрлігі мен 9 қаржы институы арасында клубты құру жөнінде меморандумға  қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"KAZNEX" экспортты дамыту жөніндегі корпорациясының басқарушы директоры Рустам Абдусаламовтың айтуынша, клубты құру ұсынысын қаржы құралдары мен инвестициялар жөніндегі жұмыс тобының 1-ші отырысы барысында «Сбербанк»АҚ-ы өкілдері ұсынған. Одан бергі уақытта клубты құру концепциясы жасалып, қаржы институтарына ұсыныстар жасалған. Бүгінгі отырыс барысында бұл ұсынысты қабыл алған 9 қаржы институты «Сбербанк» АҚ, «Евразиялық даму банкі», «АТФ банк» АҚ, Халық банкі, NSBC, Kazyna Capital manegment, Visor Capital, RBS Kazakhstan клуб мүшелігін мақұлдады. Бұлар тарапынан клубқа 5 миллиард долларға  жуық инвестиция бөлінбек. Оның 1 миллиардтан астамын Сбербанк, 1 миллиардын ҚДБ, ал Kazyna Capital manegment 2,8 миллиард доллар бөледі. 

Рустам Абдусаламовтың айтуынша, клуб  қаржы құралдары мен инвестициялар жөніндегі жұмыс тобының аясында жұмыс істейтін болады.