Қазақстанда ІТ қызметтерге сұраныс 14 пайыздан аспай отыр - ІТ-компаниялар қауымдастығының президенті

ыркүйектің 17-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда ІТ қызметтерге сұраныс 14 пайыздан аспай отыр.
None
None

Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан ІТ-компанияларының ІІ-съезі барысында еліміздегі ІТ-компаниялар қауымдастығының президенті Нұрлан Исин осылай мәлім етті.

Қауымдастық басшысының айтуынша, елімізде ақпараттық технологиялар мәселесін шешу үшін бірқатар шаралар атқару қажет етіледі. «Атап айтқанда, жаңа ақпараттық технологиялар саласына мемлекеттік қаржыландыру жеткіліксіз. Екіншіден, еліміздің ІТ-нарығы өркениетті болуы шарт. Сонымен бірге елімізде ІТ қызметтерінің сұранысы соншалықты мәз емес. Мысалы, дамыған мемлекеттерде бұл саланың сұраныс көрсеткіші 50-пайыздан асса, қазақстандық сұраныс 14-пайыздан көтерілмей отыр», деді Н. Исин.

Оның айтуынша, елімізде ІТ саласындағы статистика да мардымсыз. Кейбір компаниялар тіркелгенімен олардың қызметі жоқтың қасы. «Еліміздің ІТ-компаниялары саланы дамытуға арналған барлық бастамаларды қолдайды. Жалпы, алдағы уақытта қазақстандық қамтуды арттыруға байланысты жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат шеңберінде қазақстандық ІТ-компаниялар мемлекеттік даму тапсырыстарына жауап беріп қана қоймай, әлемдік ІТ-индустриясындағы еңбек бөлінісінде өзінің орнын табады деп сенеміз», деді Н. Исин.

Соңғы жаңалықтар