Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда К4, К5 экологиялық сынып талаптарына сай келетін дизель отыны шығарыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ында (Шымкент МӨЗ) жаңарту жұмыстары аяқталып, дизель отынының сапасын К4, К5 экологиялық стандарттарына сай деңгейге жеткізуге мүмкіндік беретін гидротазалағыш қондырғы пайдалануға берілді. Бұл туралы «ҚМГ - сату және маркетинг» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда К4, К5 экологиялық сынып талаптарына сай келетін дизель отыны шығарыла бастады

«Қондырғыны жаңарту кезінде осы саладағы жетекші Axens (Франция) және Sud Chemie (Германия)» сынды әлемдік компаниялардың жаңа әзірлемесі қолданылды», - деп атап өтті «ҚМГ - сату және маркетинг» АҚ мұнай өңдеуші зауыттарды жаңғырту жобаларын басқаратын департамент директоры Дамир Әшімов.

Бұл шара дизель отынының сапасын, экологиялық қасиетін елеулі жақсартуға, сондай-ақ оның құрамындағы күкіртті азайтып, суу температурасын едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.

2015 жылғы 22-26 маусым аралығында жаңартылған қондырғыға тәжірибелі-өнеркәсіптік сынама жүргізілді. Оның нәтижесінде Кеден одағы Техникалық регламентіне сәйкес К4, К5 экологиялық сыныптарының талаптарына (Автомобиль, авиациялық бензин, дизель, кеме отыны және реактивті қозғалтқыштар мен мазутқа арналған отынға қойылатын талаптар туралы) сай келетін өнім алынды. Бұл - Кеден одағы елдерінде қабылданған Еуро-4 және Еуро-5 еуропалық стандарттарының баламасы.