Қазақстанда қанша заңды тұлғалар бар екені белгілі болды

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 318897 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,8% артты, оның ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар заңды тұлғалардың саны - 302308 болған. Бұл туралы бүгін Статистика агенттігінде өткен брифингте мәлім болды.

Қазақстанда қанша заңды тұлғалар бар екені белгілі болды

Агенттіктің таратқан мәліметтері бойынша, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 175543 құрады, оның ішінде 159874 бірлік - шағын кәсіпорындар. Республикадағы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 231036 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,7% артты.

Сондай-ақ, тұтыну бағаларының индексі 2013 жылғы қаңтарда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,9% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 0,5%, азық-түлік емес тауарлар - 0,2%, ақылы қызметтер көрсетуге - 2,2% артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2013 жылғы қаңтарда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,3% төмендеді.