Қазақстанда қар жауып, күн суытатындығы ескертілді

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК бүгін күн суытатындығын ескертеді.
None
None

8-10 қазан күндері түнге қарай Қызылорда облысында, 9-10 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында күн суытып, 0-3 градусқа төмендейді деп күтілуде.

9-10 қазанда Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында жауын-шашын болып, жаңбырдың соңы қарға айналады, кей жерлерде батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, температура күндіз -2 градусқа дейін төмендеп, +3 шамасында жылы болады, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында +2-7 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар