Қазақстанда қартаю индексі өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылы Қазақстанда қартаю индексі 31,1 болып өзгерген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 пайыздық тармаққа жоғары (2023 жылы 29,5). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. 

Қазақстанда қартаю индексі өзгерді
Фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 31,1 қариядан келеді.

— Ал, өңірлерде ең жоғары деңгей Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген — 78,1, одан кейін Шығыс Қазақстан (76) және Қостанай облыстары (66,4). Қартаю индексінің ең төменгі көрсеткіші Маңғыстау облысында, онда 100 балаға 65 жастан асқан 15,2 қарттан келеді, — делінген хабарламада.

Ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында (15,9) сондай-ақ Шымкент қаласында (16,1) тіркелген. Айта кетейік, қалалық жерлерде қартаю индексі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары — тиісінше 33,4 және 27,5.

— Қартаю индексі — 100 балаға шаққанда егде жастағы адамдар санын сипаттайтын халықтың жас құрамының көрсеткіші. Ол 65 жастан асқан халық санының 0-14 жас аралығындағы халық санына қатынасы ретінде есептеледі, — деп хабарлады бюродан. 

Бұған дейін хабарланғандай, 5 жылда елімізде ажырасу саны 7,5 мыңға төмендеді.

Соңғы жаңалықтар