Қазақстанда картоп, пияз, қарақұмық бағасы арзандады

Есепті кезеңде нан өнімдері, жармалар, ет, балық, теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант, кондитер өнімдері, алкогольды және алкогольсыз сусындардың бағасы көтеріліп, жеміс-көкөніс арзандай түскен.
Астықтардың бірінің бағасы көтеріліп, басқасы арзандады. Мәселен, биылғы қаңтарда 1 кг күріштің орташа бағасы 317 теңге болды, былтыр 287 теңге болатын. Ал былтыр 301 теңге болған қарақұмықтың бағасы биылғы қаңтарда 246 теңгені құрады.
1 кг қанттың орташа бағасы қаңтар айында 240 теңге болды, былтыр ол 194 теңге еді.
Көкөністерден: 1 кг картоптың бағасы 2019 жылдың қаңтарында орташа 86 теңге болды, былтыр 121 теңге еді, қырыққабат - 106 теңге (81 теңге), пияз - 78 теңге (96 теңге), ал сәбіздің бағасы орташа 97 теңге (116 теңге) болды.
Асхат Ахметбеков